Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейде қамауға алынды

image.png

Қазақстандық стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Мәскеудегі Шереметьево әуежайында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталды деп жазады ҚазАқпарат.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, ол белгіленген мерзімде Ресей аумағынан шығуы тиіс. Оған 5 мың рубль (31 850 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Телеграм-арналардың дерегінше, Нұрлан Сабыровтың көші-қон картасының мерзімі өтіп кеткен, яғни Ресейде болуға рұқсат етілген уақыттан асырып жіберген. Ол Ресей Федерациясы аумағында 114 күн болған, ал заң бойынша бір күнтізбелік жылда 90 күннен артық болмауы керек.

Белгілі болғандай, комик жаңа жылды Ресейде қарсы алған, елден 3 қаңтарда шыққан. Кейін 23 қаңтарда қайта келіп, 22 күн болған. Биыл 15 ақпанда тағы оралып, 37 күн болған. 23 наурыздан бастап Ресейде тағы 47 күн жүрген. Ол Шереметьево әуежайында ұсталып, оған РФ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 18.8-бабы 3.1-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Сондай-ақ, Сабыров белгіленген лимитті асырып жібергендіктен, енді Ресейден шығуы қажет екені айтылып жатыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жолдағы балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер