Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады

image.png

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесінде судья блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жасады, - деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі.

Судья Ержан Жанұзақовтың сөзінше, процесті талқылауға, тергеу мен соттың жұмысына баға беруге жол берілмейді. Бұл сотқа қысым ретінде бағалануы мүмкін.Ол сот процесі аяқталғанға дейін, үкім шығарылғанға және заңды күшіне енгенге дейін сот процесіне пікір білдіру, құқықтық баға беру заңсыз екенін мәлімдеді.

"Әлеуметтік желілерде блогерлер мен сот процесіне ешқандай қатысы жоқ басқа азаматтар жеке пікір білдіріп, тергеу әрекеттері мен сот процесінің барысына субъективті баға беріп жатыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 75-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот жүзеге асыратынын еске саламыз. Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Сот істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық тексеруге, айыптаушы тараптың да, қорғаушы тараптың да дәлелдерін тексеруге міндетті. Істі қарайтын судья тәуелсіз және объективті болуы керек, процестің нәтижесіне жеке қызығушылығы болмауы керек және үшінші тұлғалардың ықпалына түспеуі керек. Сот бейтарап төреші ретінде әрекет етеді және тек заң негізінде шешім қабылдайды", - деді судья.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Президент заңға қол қойды: Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне өзгеріс енгізіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер