Ресейде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 16 бала Өзбекстанға қайтарылды

image.png

5 сәуір күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан Өзбекстанның кәмелетке толмаған 16 азаматы еліне қайтарылды. Ұлттық әлеуметтік қорғау агенттігінің мәліметінше, олармен бірге Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктерінің қызметкерлері болған. 

Айтуларынша, Санкт-Петербург пен Мәскеудегі консулдық мекемелер балалардың Өзбекстан азаматы екенін анықтап, оларға қайту туралы куәлік беру шараларын қолға алған.

Балалар Ташкент қалалық ішкі істер бас басқармасына қарасты кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету орталығына уақытша орналастырылды.

– Орталықта оларды ана-аналары мен жақын туыстары «Адам» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары алдын ала дайындаған құжаттарымен қарсы алды. Кәмелетке толмағандарға әлеуметтік көмек көрсету олардың тұрғылықты жерінде де жалғасады, - делінген хабарламада.

Әкелінген 16 баланың 11-і ата-анасына қайтарылса, қалғандары туыстарының қамқорлығына берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Система хочет купировать риски
  • МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: ЫҚПАЛДЫ ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕПІЛІ
  • МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ЫҚПАЛДЫ ПАРЛАМЕНТ ТУРАЛЫ: ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАҢА БИЛІК АРХИТЕКТУРАСЫ НЕ ҮШІН КЕРЕК
  • УЛЫ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
  • КАК ПРЕДОТВРАТИТЬ ОТРАВЛЕНИЕ УГАРНЫМ ГАЗОМ!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер