«Жасыбайдағы» бұрынғы президенттік резиденция мемлекет меншігіне қайтарылды

image.png

Бұрын элиталық президент резиденциясы болған Павлодар облысындағы «Жанбақы-Арнасы» (қазіргі «Jasybai Resort» демалыс орны) мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Әсет Оспанов хабарлады. 

— Бұрын элиталық резиденция болған «Jasybai Resort» демалыс орны мемлекет меншігіне қайтарылды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан элиталық демалыс үйі жекешелендіруге жатпайды. Алайда басында бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік бұл демалыс үйінің иесі болған. Кейін оны басқа ЖШС иеленген. Павлодар облысы әкімдігінің қаулысымен «Jasybai Resort» демалыс үйі Баянауыл ауданы әкімдігінің балансына берілді, — дейді Әсет Оспанов.

Жасыбай көлінің жағасындағы бұрынғы президент резиденциясы жекешелендіруге жатпайды. Сот бұрынғы сатып алу-сату шартын және мүлікті жарғылық капиталға қабылдау-тапсыру актісін жарамсыз деп таныған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді ұсынды
  • Графикалық интерфейс элементтерін құру
  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДАҒЫ МӘСЕЛЕ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер