Елімізде "блогерлер тізіміндегі" бес адам 69 миллион теңге салық төлеген

image.png

Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың салығын әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова "блогерлер тізіміне" енген 5 адамның 69 миллион теңге төлегенін айтты. Бұл туралы RGmedia.kz тілшісі  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, салық төлеуге қатысты ескерту 80 мыңнан аса жеке тұлғаға, соның ішінде 594 блогерге жіберілген. 

"Соның ішінде 5 адам қосымша 900 миллион теңгенің салық декларациясын тапсырып, 69 миллион теңге төледі", – дейді Дина Құсайынова. 

Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандық блогерлерге салық бойынша хабарламалар жібергені туралы хабарлаған едік. Оларға жалпы құны 53 миллиард теңгені төлеуге бір ай уақыт берілгенін мәлімдеді. Осыдан соң желіде салықтан жалтарған блогерлердің тізімі пайда болды. 

Көп ұзамай мемлекеттік кірістер комитеті қателік жібергендерін мойындап, блогерлердің салығы қайта есептелетінін мәлімдеген. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер