Қытайда жарқанаттан коронавирустың жаңа түрі табылды

image.png

Қытайда жарқанаттардан COVID-19-ға ұқсас жаңа коронавирус табылды. Вирус алғаш рет Гонконгтағы жапон жарқанаттарынан (тегіс мұрынды жарғанаттар тұқымдасы) шыққан. Бұл туралы RGmedia.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Ғалымдардың айтуынша, HKU5-CoV-2 деп аталатын вирус адам жасушаларын ACE2 ақуыздары арқылы зақымдайды. Бұл вирус HKU5 коронавирусының жаңа тегі. 

Зерттеу Гуанчжоу зертханасында Қытай ғылым академиясының Гуанчжоу филиалының, Ухань университеті және Вухан вирусология институты мамандарымен бірлесіп жүргізілді. 

"Біз тек жарқанаттағы (мембраналық ақуызды) ACE2 ғана емес, адамның ACE2 және әртүрлі сүтқоректілердің ACE2 ортологтарын пайдаланатын HKU5-CoV нақты тегінің (2-ші тегі) табылғаны және оқшауланғаны туралы хабарлаймыз”, – дейді вирусологтар.

Зерттеушілер жарқанат үлгілерінен бөлінген вирус адам жасушаларын зақымдануы мүмкін екенін айтты. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер