2024 жылы құрылыс саласында рекордтық көрсеткіш тіркелді

image.png

Қазақстан былтыр құрылыс саласында рекорд орнатты, деп хабарлайды 24kz. Өнеркәсіп және құрылыс министрінің айтуынша, қолданысқа берілген тұрғын үй көлемі жылдағы көрсеткіштерден асып кеткен. Сонымен қатар металлургия 7%-ке жуық, машина жасау 10% шамасында, химия 8%-ке жуық өсім тіркелген. Соның арқасында өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 5,9%-ке артты. 

"Иинвестициялар көлемі 1,3 трлн теңгені құрайтын 180 жоба пайдалануға берілді. 14 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Екіншіден, жыл қорытындысы бойынша еліміздің құрылыс саласында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Тәуелсіз еліміздің тарихындағы рекордтық 18,9 млн шаршы метр салынды. Бұл дегеніміз, 172 мыңнан астам тұрғын үй",- дейді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер