Атырауда картоп 1 адамға 3 келіден сатылып жатыр

image.png

«Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» тұрақтандыру қорының картобын 1 адамға 3 келіден артық сатпау жөнінде шектеу енгізілгенін хабарлады. 

"Атырау облысының 2024-2025 жылдарға арналған тұрақтандыру қоры бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарламаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мақсатында жергілікті ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге айналым қаржысын толықтыру үшін қайтарымды қарыз берілді. Тұрақтандыру қорына 5 667 тонна көкініс өнімі жеткізілді. Шартқа сәйкес әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдері 2024 жылдың 1 қарашасы мен биылғы жылдың наурызына дейін 11 супермаркетте, Атырау қаласындағы 3 базар мен 6 сауда павильонында сатылып жатыр. Қазір тұрақтандыру қорының қоймасында 200 тонна картоп қоры бар. Бұл ақпан айынының соңына дейін жетеді. Сауда орындарында картоптың бағасы – 180 теңге", - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

«Атырау» ӘКК» АҚ көктемгі кезеңге 680 тонна ауыл шаруашылығы тауарларын жеткізуді көздеп отыр. Осы мақсатта жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушімен қосымша шарт жасалған. 

"Тұрақтандыру қорындағы картоп нарықтағы құнынан әлдеқайда төмен бағамен сатылып жатыр. Алайда арзан картопты көп мөлшерде алып, үстеме бағамен сатуға жол бермеу үшін 1 адамға 3 келіден сатуға шешім қабылданды. Бұл – алыпсатарлық әрекетті болдырмау үшін жасалған қадам", - деп мәлім етті баспасөз қызметінен. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Жарты жылда 6,7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алған https://kaz.inform.kz/news/zhar
  • Қырғызстаннан Алтайға қар барыстары жеткізілді
  • Марат Пашимов жаңа қызметке тағайындалды
  • Руслан Желдібай: «Бағанашыл» балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер