Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады

image.png

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Оңталап Серікбайұлы Оңалбаев Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Дәулет Тазабекұлы Ембердиев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Жәнібек Жарасқанұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер