Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді

image.png

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 19 наурыздағы бұйрығымен мемлекеттік қызметтер тізіміне өзгерістер енгізілді. 

Бұйрыққа сәйкес, келесі мемлекеттік қызметтер тізімге енді:

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толған адамның шотына алынған мүлікке билік етуге, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға рұқсат беру;

Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру.

Бұл мемлекеттік қызметтерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсететінін атап өткен жөн. Бұйрық 2024 жылғы 31 наурыздан бастап күшіне енеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер