Астанада медицина университетінің студенттері енді қымбат қонақүйде оқиды

Астананың алғашқы бес жұлдызды қонақ үйінің ғимаратына қожайын табылды. Бұрынғы қонақ үйді Денсаулық сақтау министрлігі иеленді. Бірақ онда шенеуніктер емес, студенттер мен оқытушылар қоныстанады, деп хабарлайды Rgmedia.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_22.jpg

Соңғы бес жылда әртүрлі мемлекеттік органдар мен құрылымдардың қолына беруге уәде етілген 33 мың шаршы метр ғимарат иесін тапты. Тарихы жиырма жылдан асатын нөмірлерге елордалық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары ие болады. 

25 жыл бұрын бұл ғимарат елорданың құрметті қонақтарын қарсы алу үшін есігін айқара ашты. Ол кезде бес жұлдызды қонақ үй ретінде танылып, "Интерконтиненталь" деп аталған. Қонақүйде әртүрлі мемлекеттердің басшылары, дипломаттар және басқа да жоғары лауазымды қонақтар келген. 

Сонау 1998 жылғы фойеде Борис Ельцин, Владимир Путин, Сүлейман Демирель секілді лауазымды тұлғаларды күткен. Олар сол кезде Қазақстанның жаңа астанасының тұсаукесеріне келген. 

“Бірнеше жылдан кейін қонақ үй "Рамада Плаза" деп өзгертілді. Ол 2018 жылға дейін қонақтарды қабылдады. Енді лауазымды тұлғалар келіссөздер жүргізген ғимараттың бірінші қабатында елордалық медицина университетінің қабылдау комиссиясының үстелдері қойылды”, – дейді Гаухар Ақбасова "Астана Медицина Университетінің" баспасөз қызметінің басшысы. 

Сонымен қатар “Шабыт” қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері осы жылдың басында білім алып отырған ғимараттың шатырынан су сорғалап, таракан жүргенін айтып шағымданған. Жөндеуді түгел аяқтау шамамен бір жарым жылға жоспарланған. Ал оған дейін студенттер Астанадағы бес жұлдызды "Рамада Плаза" қонақ үйін паналайды. 

Мәдениет және спорт мининстрлігі аталған ведомствомен келісімге келіп, ғимараттың 23 мың шаршы аумағын, яғни 67 пайызын пайдаланбақшы. Қалған бөлігі медициналық университеттің иелігінде.

“Қазақ ұлттық өнер университеті көшіріледі. Университет әкімшілігі, оқытушылар мен аудиториялар толық жасақталуда. Сабақ та сонда өтеді. Ал "Шабыт" университетінің ғимараты күрделі жөндеуді қажет ететіні туралы әкімдік пен төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы шешімі бар”, – дейді Қазақ ұлттық өнер университеті шаруашылық бөлімінің жетекшісі Тоқтарбек Есенов. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Энергетика министрлігі жанармайдың нақтыланған бағасын бекітті
  • Қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңына шықты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер