Шешенстан басшысының ұлы жол апатынан комаға түсті

Шешенстан президентінің ұлы Адам Қадыров жол апатына ұшырап, ауруханаға түсті. 

Screenshot_7.jpg

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы Адам Қадыров жол апатына ұшырап, Грозныйдағы ауруханаға жеткізілді. Дереккөздің айтуынша, ол жатқан ауруханаға баратын жол жабылған. Адам Қадыровтың кортежі көліктерді бірінен кейін бірін басып озып, жылдам жүріп келе жатып, кенет кедергіге тап болған. Сондай-ақ бірнеше адам зардап шеккен.

Кейін Қадыровтың есін жиғаны және оның жағдайына қауіп төніп тұрмағаны айтылды. Шешенстан билігі Адам Қадыровтың қатысуымен болған апат туралы хабарламаларға әлі түсініктеме берген жоқ.

Адам Қадыров 18 жаста. Ол – Шешенстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 2025 жылдың сәуірінде ол Шешенстан бойынша ішкі істер министрлігінің кураторы болып тағайындалды. Қадыров сонымен қатар Путин атындағы Ресей арнайы күштері университетін, сондай-ақ Ресей қорғаныс министрлігінің Шейх Мансур және Байсангур Беноевский батальондарын басқарады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тимур Сүлейменов: БЖЗҚ-дан қаражат алу шегінің тәсілдерін қатаңдату қажет
  • TikTok пен YouTube жасөспірімдерге тәуелділік туғызу айыптарымен сотқа тартылады
  • ШҚО-да кәсіпкерлерге 140-қа жуық заңсыз тексеру жүргізілген
  • ҰҚК 4,5 млрд. теңге алаяқтық жасаған OrdaMed басшылығын құрықтады
  • Қазақстандықтардың үкіметке сенімі азайып барады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер