Алматыда көпқабатты үйдегі өрттен кейін 16 бала ауруханаға жеткізілді

Алматыдағы «Ақкент» шағынауданындағы көпқабатты үйдегі өрт салдарынан 31 адам ауруханаға жеткізілді, оның 16-сы - балалар, деп хабарлайды Rgmedia.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Screenshot_15.jpg

«Бірінші тамыз сағат 18:30-дағы жағдай бойынша, Алатау ауданы «Ақкент» шағынауданы, 54 мекенжайында болған өрт салдарынан қала ауруханаларына 31 адам жеткізілді. Оның 16-сы - бала. Қайтыс болғандар жоқ. Науқастардың денсаулық жағдайы туралы қосымша хабарланады»,- деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін 16 қабатты үйде өрт тұтанғанын хабарлаған едік.

Бүгін сағат 17:10-да ТЖД күш-құралдары Алатау ауданы «Ақкент» ықшамауданында орналасқан 54-ші үйге шұғыл аттанған.

Қызыл жалын сағат 18:46 кезінде оқшауланып, сөндірілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Starlink Қазақстанмен ресми түрде келісімге қол қойды
  • Мәжіліс депутаты Астанада жұмыс күнін сағат 7-ден бастауды ұсынды
  • Қазақстанда жаңа Су кодексі күшіне енді
  • Егіс науқаны – 2025:жүйелі өзгерістер
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер