Президент Жолдауынан шабыттанған Тұрсынбаева 2 сағатта өлең шығарды

Елімізде Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылатыны жайлы ақпарат көпшілікті, оның ішінде айтыскер ақындарды қуантты. Айнұр Тұрсынбаева қуаныштың лебімен өлең шығарды. Президент Жолдауынан шабыттанған Айнұр Тұрсынбаева 2 сағаттың ішінде өлең жазып, желідегі парақшасында жариялады.

Screenshot_3.jpg

"Қайран да менің Абайым!

Киелі алтын сарайым!

Сұп-суық аты Семей боп

Өскемен жаққа өгей боп...

Жетімсіреп көрдіңдер,

Қиындықтың да талайын..

Өлгеніңді тірілтіп,

Өшкеніңді жандырды

Қасымжомарт ағайым..

Ардақты жаңа атауың,

Құтты болсын ағайын..!

Алашты Алла қолдашы..!

Еліме қатал болмашы!

Қазақтың жансын жұлдызы

Бүтін боп туы, таңбасы..

Мықты болып тұр бәрінен..

Жетісуымның олжасы..

Қонаевпенен басталды,

қуаныштардың ең басы!

Сарыарқаға да бет алды,

Жеңістің жүйрік жорғасы..

Қайырлы болсын Ұлытау,

Ұлтымның ұлы Ордасы!", - деп жазба қалдырды Тұрсынбаева.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер