Үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды

Screenshot_4.jpg

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен ҚР Үкіметі жанындағы Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб құрылды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Жедел Штаб Ресей Федерациясына санкциялар пакетінің салынуына және олардың Қазақстан экономикасына тигізер әсеріне байланысты экономикада және бизнестегі проблемалық мәселелерді қарап, шешетін болады. 

Жедел Штаб құрамына негізгі мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлік қауымдастығының өкілдері және салалық сарапшылар кірді.

Сонымен қатар Жедел Штабтың алдағы жұмысына отандық бизнес пен сарапшылар қауымдастығының басқа да өкілдері қатыса алады. 

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Жедел Штабтың алғашқы отырысы өтті, онда көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер