Қостанайда тағы да заңсыз майнинг анықталды

Screenshot_8.jpg

Қостанай облысы бойынша Қаржылық мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті цифрлық майнингпен айналысатын тұлғаларға тиісті лицензиясыз электр энергиясын сату фактісі бойынша «EG» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы ақпанға дейін, Қостанай қаласында «EG» ЖШС орналасқан электр энергиясын тұтынудың күрт өскені анықталды. Жоғарыда көрсетілген кезеңде электр энергиясын сатып алуға жұмсалған болжамды сома 32 185 617 теңгені құрады (1 кВт/сағ үшін 32 теңге тарифі кезінде). 

Тінту жүргізу барысында осы аумақта цифрлық майнингпен айналысуға арналған жабдығы бар екі контейнер табылды, онда 180 дана – Интернет желісінде пайдалану жолымен крипто валютасын өндіруге арналған «ASIC» маркалы арнайы жабдық: «Whatsminer M20S» және «Avalon Miner 1166pro-81t» табылды. 

Тінту жүргізу кезінде мамандандырылған техникасы бар контейнерлерді жалға берген кәсіпорындар анықталды, олардың құрылтайшылары басқа өңірлердің (30%) және шет елдердің (70%) азаматтары болып табылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Тоқаев: Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер