«WorldSkills Kazakhstan» кәсіби шеберлерді анықтайды

Бүгін Елордадағы «Казмедиа» орталығында «WorldSkills Kazakhstan – 2021»  ұлттық чемпионатының ашылу салтанаты  өтті. Ұлттық чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен қатысушы колледж студенттерінің 600-ге жуығы қатысты.

image.png

Чемпионат Қазақстанның 8 өңірінің өндіріс алаңдарында 1 ай көлемінде өткізілмек. Жалпы, Ұлттық чемпионат Республика аумағында осымен алтыншы рет өтуде. 

WorldSkills – өз ісінің үздіктерін анықтайтын, жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттырып, кәсібилікті насихаттайтын жахандық жоба. 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов чемпионаттың ашылу салтанатында сөз сөйлеп, шараның халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша өндіріс орындары саласын жоғары технологияны жетік меңгерген жас мамандармен қамтамасыз етуде  маңызы зор екенін атап өтті.  

Сондай-ақ, бас ұстаз техникалық және кәсіптік білім жүйесіндегі индустриалды-инновациялық даму талаптарына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жобалар аясында жұмысшы мамандарын даярлаудың инфрақұрылымын дамыту, «Жас маман» жобасы бойынша оқу бағдарламаларын қайта қарап, модернизациялау, кадрларды еңбек нарығына сәйкестендіру мәселелеріне тоқталып өтті. 

Шымкент қаласынан чемпионатқа жолдама алған, 32 құзыреттілік бойынша 33 қатысушы-студенттер қаланың намысын қорғайтын  болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер