Абай ауданында 35 спорт алаңшасы салынуда

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген ашық спорт алаңшасына барды.

image.png

Абай ауданындағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. Соңғы жеті жылда 222 аула абаттандырылып, 56 спорт алаңшасы салынды. 

Осы жылы 21 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыруға, 12 спорт алаңшасын ағымдағы жөндеуге, 35 спорт алаңшаларын орнатуға қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін толығымен пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, «Шымкент қайырымды қала» қоры арқылы демеушілік есебінен 4 спорт алаңшасы орнатылды.

2022 жылы 15 ауланы абаттандыру, 50 спорт алаңшасын салу жоспарланып отыр.  Қала әкімі тұрғындарға енді бұл алаңшаларды күтіп ұстау керектігін айтса,  доп теуіп риза болған балалар өз алғыстарын жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі
  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер