Республика көшесіндегі түнгі жарықшамдар жаңартылды

Шымкент қаласының орталық көшелерінің бірі Республика даңғылында түнгі жарықшамдар жаңартылды.

image.png

Даңғыл бойындағы ескі жарықшамдар екі деңгейлі жарықшамдарға ауыстырылып, жаяу жүргіншілер жолына қарай қосымша жарықшамдар орнатылды. Жарықтандыру жұмыстарының нәтижесінде көше бойындағы бағаналарға 296, ал жаяу жүргіншілер жолына 148 жаңа шамдар қойылды. Республика даңғылында орнатылған жарықшамның бұған дейін қуаттылығы 15 люкс құраған болса, бүгінде олардың қуаттылығы 30 люксқа көтерілді.

Осы жылы тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жасалынып жатқан жұмыстар барысында мердігер мекеме «ABM Building 2007» ЖШС тарапынан мегаполистегі 30 көшедегі жарықшамдар реконструкциядан өтіп, 104 көшеге жаңа жарықшамдар орнатылатын болады

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер