Жас спортшы Сербиядан жүлделі оралды

Бүгінде Шымкентте Халықаралық спорт додаларында жетістіктерге жетіп, еліміздің мақтанышына айналып жүрген оқушылар көп. Солардың бірі - Ерзат Каналбаев. Ол бүгінде қаламыздағы № 23 мектеп лицейінің 9 сыныбында оқиды. Жастайынан спортты жанына серік еткен Ерзат қалалық, республикалық ойындардың жеңімпазы.

image.png

Атап айтар болсақ, 2018 жылғы Шымкентте өткен мектеп-интернат арасындағы таеквондодан республикалык турнирде 3-орын алса, 2019 жыл республикалык Астана ашық турнирінде 1-орын иеленді. Ал мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында таеквондодан 49 келі салмақ дәрежесінде І орын алды. Жастар арасында жарыстарда көптеген жетістіктерге қолжеткізіп жүрген Ерзат Каналбаев жақында Сербия қаласында «Дүниежүзілік мектеп ойындары» атты өткен таеквондодан жүлделі ІІІ орын иеленіп қайтты. Талай байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрініп жүрген жас спортшы бүгінде «Спорт шеберіне» үміткер.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер