Ресейде заңсыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасалды

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Ресей аумағындағы Қазақстан азаматтарына арнап үндеу жасады.image.png

- Ресей Федерациясы Президентінің 15.06.2021 жылғы №364 Жарлығына сәйкес, Ресейдегі шетелдіктер, оның ішінде Қазақстан азаматтары еңбек қызметін жүзеге асыру үшін 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Ресей Федерациясында болуын заңдастыру шараларын қабылдауы керек.

Ресейде уақытша тіркеу мерзімінің аяқталуы құқық бұзушылық болып саналады.

- Сонымен қатар, заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) қазақстандықтар Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін ІІМ органдарына жүгінуге құқылы. Мұндай жағдайда азаматтарға жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды.

Ресейде болуды заңды түрде ұзартудан бас тартқан және елден кеткісі келмеген жағдайда, азаматтарға қайтып кіру құқынсыз Ресейден күштеп шығару шарасы қолданылуы мүмкін.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер