Назарбаев шынтақпен амандасуды ұсынды

назарбай.jpg

"Қыздарға маска қатты жарасады". Бұл туралы Елбасы Түркістан қаласына барған сапарында айтты деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпараттық порталы oinet.kz сайтына сілтеме жасап.

– Мен коронавируспен ауырдым, бұл ауруды ешкімнің басына бермесін. Сондықтан, маскаларыңызды шешпеңіздер. Тізеңізбен немесе шынтағыңызбен амандасыңыз. Ал қыздарға маскалар қатты жарасады. Бүкіл ертегіде ханшайымдар маска киіп жүрген, –  дейді Назарбаев. 

Еліміздің тұңғыш Президенті Қазақстан халқына алғыс айтты. Сонымен қатар, Назарбаев өз денсаулығын алаңдағандарға жағдайының жақсы екенін жеткізді. 

– Маған денсаулық тілеп хат жолдағандардың барлығының сәлемдемесін қабылдадым. Қазақстанның, әлемнің түпкір-түрпірінен мыңдаған желехат келді. Алғысым шексіз. Менің ойымша пандемияның бітетін кезі болады. Шамамен 180 түрлі вакцина жасалып жатыр. Қазақстан да өз вакцинасын ұсынды. Ресеймен, АҚШ-пен де келісімге отырдық. Ауырмаңыздар, баршаңызға денсаулық тілеймін, – деді Назарбаев. 

Түркістан қаласының даму жоспарымен танысып, Түркістан халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Сарыағаш ауданында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездескен болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтардың үкіметке сенімі азайып барады
  • Трамп Давоста Зеленскиймен кездесуі қалай өткенін айтты
  • Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы қайғылы оқиғаның қалай болғанын айтып берді
  • Қазақстандық әйел өз баласын жылу батареясына байлап, аяусыз ұрып-соққан
  • Шешенстан басшысының ұлы жол апатынан комаға түсті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер