Әзербайжан-армян қақтығысына байланысты министрлік мәлімдеме жасады

министрлик.jpg

Қазақстан Әзербайжан мен Арменияны екі ел арасындағы қақтығыста әскери күштерді қолданбауға шақырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі арнайы мәлімдеме жасады деп RGMEDIA.KZ ақпараттық порталы ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды

«Қазақстан Республикасы 2020 жылы 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта орын алған армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына аса алаңдаушылығын білдіреді. Бізге достас Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасын жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдауға, күш құралдарын пайдаланудан бас тартуға және мәселені келіссөздер арқылы шешуге шақырамыз. Халықаралық ұйымдардың алаңдарында жанжалды шешудің бейбіт жолдарын іздеуге көмектесуге дайынбыз. АӨСШК қазіргі төрағасы ретінде кеңестің сенім шаралары пакетін пайдалануды ұсынамыз", - делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында. 

Бұған дейін Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады
  • Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды
  • Министр ел бюджетінің донор өңірлерін атады
  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер