Тоқаевтың тапсырмасын ауылда орындамауға шақырды

10826142.jpg

Ауылды жерлердегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту жұмыс сапасына кері әсер етеді. Сенатор Ольга Перепечина Премьер-Министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында осылай деді. 

– Назар аударатын тағы бір мәселе – білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Бюджеттің төртінші деңгейін енгізу жағдайында ауылды жерлердегі аппаратты 25 пайызға қысқарту жағына байқап келу керек. Себебі онда бір адам бірнеше қызметті атқарып отыр. Оларды қысқарту жұмыс сапасына кері әсер етеді, – деді ол Парламент Сенатының отырысында жолдаған депутаттық сауалында. 

Сенатр сондай-ақ бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер ауыл әкімдіктерінің шығыстарын қаржыландырудың негізгі көзі болып қалатынын атап өтті. Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке мемлекеттік аппарат және квази-мемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жеделдетуді тапсырған болатын. Жолдауда айтылғандай биыл олардың саны 10 пайызға, ал келесі жылы 15 пайызға қысқартады. Солай 2021 жылы шенеуніктердің санын 25 пайызға қысқарту мәселесін шешу көзделген. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтардың үкіметке сенімі азайып барады
  • Трамп Давоста Зеленскиймен кездесуі қалай өткенін айтты
  • Кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ағасы қайғылы оқиғаның қалай болғанын айтып берді
  • Қазақстандық әйел өз баласын жылу батареясына байлап, аяусыз ұрып-соққан
  • Шешенстан басшысының ұлы жол апатынан комаға түсті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер