Қазақстан өлім жазасын қолданбайды

200924114230360e.jpg

Енді Қазақстанда өлім жазасы қолданылмайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясының жалпы саяси пікірталас барасында сөйлеген сөзінде айтты. 

– Өмір сүруге және адамның қадір-қасиетіне деген іргелі құқықты жүзеге асыру мақсатында өлім жазасынан бас тартуға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасына қосылу жөнінде шешім қабылдадық, – деді Тоқаев.

Артынша Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттамаға қол қойды деп хабарлады.

2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті елдегі саяси реформаларды жүзеге асыру аясында Сыртқы істер министрлігіне азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қосылу рәсімін бастауды тапсырған болатын. Бұл халықаралық құжатқа қол қою өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағытының жалғасы болып табылады. Жалпы, Қазақстанда өлім жазасын қолдану Президенттің 2003 жылы тиісті мораторий енгізу туралы Жарлығымен тоқтатылған еді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады
  • Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды
  • Министр ел бюджетінің донор өңірлерін атады
  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер