Коронавирус туралы әзілдеген қостанайлық полицей жұмысынан қуылды

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданына қарасты Ершовка ауылының учаскелік полиция инспекторы ғаламтор беттерінде жарияланған видеодағы әрекеті үшін қызметінен кетуге мәжбүр болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

d1920a223a696e71.jpg

Алдын-ала мәлімет бойынша, учаскелік полиция қызметкері жолдастарымен бірге Ершовка ауылындағы үйлердің бірінен 28 жыл бойы сақталған спирт толы бөшкені тауып алса керек.

Сол жерді ол телефонына түсіріп, видео жазбаны WhatsApp мессенджері арқылы танысына жібереді.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, видеода орган өкілі алдымен спиртті еденге төгіп, оған от қояды. Сондай-ақ, жанындағы адамдарымен тапқан "олжаны" сөз етіп, "осынша спиртпен коронавирус қорқынышты емес" деп айтқан.

Ал ролик "Одноклассники" әлеуметтік желісінде тарап кеткен.

Аталмыш факті бойынша қызметтік тергеу жүргізген мамандар учаскелік инспектордың этикалық нормаларды бұзғанын анықтап, қызметінен босатқан.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер