Шымкентте 6 депутат мандатынан айырылды

1509429623_article_b_1500_.jpeg

Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында  мәслихатқа Шымкент қаласынан сайланған 6 депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұған депутаттардың  берген өтініштері негіз болды. 

Алты депутат өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату  туралы өтінішті облыстық сайлау комиссиясына тапсырған. Себебі бұған дейін Елбасының Жарлығымен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар мәртебе берілгені белгілі. Шымкент Түркістан облысынан бөлініп, өз алдына отау тікті. Осыдан кейін облыстық мәслихатқа Шымкент қаласынан сайланған депутаттардың мәселесі қызу талқыға түсе бастаған еді. Сайлау комиссиясы, мәслихат бұл мәселені шешуді депутаттардың өз еріктеріне қалдырған көрінеді. Нәтижесі мінекей. 

Айта кетері, облыстық мәслихатқа  Шымкенттен 14 депутат сайланған. Байқап отырғандарыңыздай, өтінішті тек алтауы ғана берді. Алты депутаттың аты-жөндерін сессияда мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев атап шықты. Олар – Рәшкүл Оспаналиева, Қилыбек Тұрлыбек, Қайрат Молдасейітов, Бахарам Абдукаримов, Жұмағали Білісбеков және  Арман Берденов.  Мәсхатшы олардың алдағы сессияда облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталатынын жеткізді.

Ал қалған 8 депутат өкілеттігін жалғастыра беретін болды. Себебі мұндай жағдайда оларды депутаттық мандатынан айыру заңда көзделмеген. Яғни заңдық тұрғыдан олар әлі де депутат бола алады. Ал моралдық тұрғыдан ше, депутат бола ала ма? 

Бақытжан Әбдірашұлы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • БҰҰ: 2026 жылы әлемде 186 млн адам жұмыссыз қалады
  • Елімізде тұрғын үй бағасының шекті сомасын бекіту ұсынылды
  • Бейресми еңбек азаюда: он күнде 66 мың адам тіркелді
  • Нью-Йорктің бірінші мұсылман мэрі Құранға қол қойып, ант берді
  • Серік Жұманғариннің жұбайы 2024 жылы 88 млн теңгеден астам табыс тапқан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер