Қайратқа қиянат жасалды

20180814105512.jpg

Индонезияда өтіп жатқан Азиадада боксшы Қайрат Ералиевке қиянат жасалды. Бұл туралы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов ҚазАқпарат тілшісіне берген жедел сұхбатында айтты.

Мен өз шәкіртімнің жекпе-жегіне көңілім толды. Ол кеше жаман жұдырықтасқан жоқ. Барынша ел намысын абыроймен қорғауға тырысты. Қарсыласынан үш раунд бойы басым болды. Өкінішке қарай, төрешілер шешімі басқаша болды. Артынан осында жүрген әріптестеріміз Қайратқа қиянат жасалғанын айтып жатты. Қытай, жапон спортшылары да, бапкерлері де бізге Қайраттың қарсыласының жеңісіне күмәнмен қарағанын айтты. Бірақ, ол да осал боксшы емес, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы. Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жүрген боксшы. Кезінде Серік Сәпиевке, Бақтияр Артаевқа да осындай қысымдар жасалған болатын. Бірақ, олар сол төрешілердің қиянатынан қирап құлап кеткен жоқ. Артынан талай биіктерді бағындырды. Олимпиада чемпионы болды. Сондықтан, бір сәтсіздікке бола біз мойынсұнайық деп тұрған жоқпыз. Қайрат әлі отызға да толған жоқ. Алар асуы әлі алда деп сенемін. Бізде Олимпиада, әлем чемпиондары санаулы ғана. Сол санаулы боксшылардың бірі осы – Қайрат Ералиев, – деді бас бапкер.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады
  • Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев 11 жылға сотталды
  • Министр ел бюджетінің донор өңірлерін атады
  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер