Трамп 2037 жылға дейін президент болуы мүмкін

image.png

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ Конституциясына енгізілген түзетулердің бірін «айла» ретінде пайдаланатын болса, 2037 жылға дейін, яғни 90 жасқа толғанша қызметінде қалуы мүмкін. Бұл туралы британиялық The Daily Mail басылымы жазды, деп хабарлайды ТАСС.

Газеттің мәліметінше, Ақ үй әкімшілігі 1951 жылы қабылданған АҚШ Конституциясының 22-ші түзетуін қолдану мүмкіндігін қарастырып жатыр.

– Бұл түзетуге сәйкес, бір адам мемлекет басшысы болып екі реттен артық сайлана алмайды. Алайда, түзетуде американдық әкімшіліктің билікте тұрған басшысы отставкаға кеткен немесе қайтыс болған жағдайда бір адамның президенттік қызметті үшінші немесе төртінші рет атқара алмайтыны нақты көрсетілмеген, - деп жазады басылым. 

Осылайша, газет пікірінше, келесі президенттік сайлауда қазіргі вице-президент Джей Ди Вэнс кандидат ретінде ұсынылуы мүмкін, ал ол отставкаға кеткен соң, Трамп қайтадан президенттік қызметке кіріседі.

Daily Mail газетінің жазуынша, АҚШ Жоғарғы соты бұл шешімге заңды тұрғыда қарсы шығуда қиындыққа тап болуы мүмкін.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гүлнәр Каримованың Швейцариядағы $95 млн активі Өзбекстанға қайтарылды
  • Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Трамп Қаржы және Сауда министрлерінің үгіттеулерінен кейін тарифтерді уақытша тоқтатты
  • Трамп: Байден – АҚШ тарихындағы ең нашар президент
  • Қасым-Жомарт Тоқаев №2 Оқушылар сарайын аралап көрді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер