Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады

Еліміздің бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады. Бұған логистикалық мәселелер, Павлодар мен Шымкент мұнай өңдеу зауыттарындағы жөндеу жұмыстары себеп болған, деп хабарлайды Rgmedia.kz тілшісі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Screenshot_17.jpg

ШҚО тұрғындары бекеттерде АИ-95 маркалы жанармайдың жоқ екенін айтады. Кей елді мекендерде бензиннің бұл түрін тек талонмен сатады. Ал мәселе аудан орталықтарында ушығып тұр. 

Екі зауыттағы жөндеу жұмыстарына байланысты жанармай Атырау мұнай өңдеу зауытынан жеткізілген. Мамандардың сөзінше, облыстағы 157 жанармай құю бекетінде бензин бар. Ал АИ-92 қоры 7,8 мың тонна болса, АИ-95 қоры 2 мың тонна екен. Энергетика министрінің мәліметінше АИ-95-тен басқа өзге маркалы бензин қорының арқасында елде жанармай қажеттілігі өтелген. 

"Бізде жанармай қоры 30 мың тоннаға жуық. Ішкі қажеттілікті өтей аламыз. Бірақ логистика қиын аймақтарда жанармай Ресейден әкелінеді. Жиын өткізіп, АИ-95 маркалы бензинді жеткізу үшін "ҚазМұнайГаздың" еншілес Petrosun компаниясын оператор етіп белгіледік", – деді министр Алмасадам Сатқалиев. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Сауран ауданы ортағасырлық археологиялық ескерткіштерімен ерекшеленеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер