Бағдарлама аясында 50 отбасы баспаналы болды

1 (2).jpg

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Түркістан облысы Мақтаарал ауданында аз қамтылған көп балалы 50 отбасы баспаналы болды. Аудан әкімі Бақыт Асанов "Нұрлы Жер" бағдарламасы  аясында сатып алынған су жаңа үйлердің кілттерін тұрғындарға ресми түрде табыстады.

"Бұған дейін Мырзакент кентіндегі жаңадан бой көтерген мөлтек ауданнан кезекте тұрған 16 отбасыға үй берілген еді. Міне, бүгін аз қамтылған көп балалы 50 отбасының қуанышына ортақтасып отырмыз. Біз алдағы уақытта Мырзакент кентінен көпқабатты тұрғын үйлерді салуға кірісеміз. Осылайша үй кезегінде тұрған мақтааралдықтардың мәселесін жыл сайын шешіп отыратын боламыз. Ендеше, жаңа баспаналарыңызда тек қана қуаныш, тойлар болсын!" - деді Бақыт Насырханұлы.  

Мақтаарал ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жаңа үйлер А.Қалыбеков ауылдық округі Төрткүл ауылында, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ырысты ауылында, Еңбекші ауылдық округі Шұғыла ауылында және Бірлік ауылдық округіне қарасты Қ.Пернебаев ауылдарында орналасқан. 

Жаңа үйлердің әрбірінде кіреберіс дәліз, 3 жатын бөлмесі, 1 асхана және санузель бар. Үйлер толықтай жылу жүйесімен, салқын және жылы сумен қамтылған. 

Айта кетейік, алдағы уақытта Мырзакент кентін ұлғайтуға арналған жаңа мөлтек ауданнан 5 қабатты 14 тұрғын үй, яғни 740 пәтер салыну жоспарлануда. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ортақ міндет – өзара ынтымақ пен бірлікті сақтау
  • Үшқайықтықтар көгілдір отынның игілігін көруде
  • Серпінді жобада серпіліс бар
  • Жұмыссыздарды жұмыспен қамту билік назарында
  • Демеушілер күшімен көп жұмыс атқарылуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер