Сарыағаш тұрғындары мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көруде

49.jpg

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының халқы «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021» мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көріп келеді. Атап айтқанда, бағадарлама аясында бірқатар елдімекендер абаттандырылып, жолдары жөнделіп жатса, бір жағынан ауыл азаматтары үшін жаңа жұмыс орындары пайда болды.
Биыл ауданда аталған бағдарламаның шеңберінде 6 жоба жүзеге асырылуда. Мәселен, Жылға ауылдық округі Жылға елдімекенінің көшелерінде абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда жарықтандыру бағаналар мен арық-атыздар қойылып, аяқ жолдар төселуде. Сондай-ақ, Сарыағаш қаласы мен Қабланбек, Жібек жолы, Құркелес және Қызылжар ауылдық округтеріндегі жалпы 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстарды атқару мақсатында 186 жаңа жұмыс орны ашылса, қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығы арқылы 93 азамат жұмысты болды.
Айта кетейік, ауданда арнайы құрылған мобильдік топ елдімекендерді аралап, жұмыссыз және өз бетінше жұмыспен қамтылған азаматтарға елімізде іске асырылып жатқан жұмыспен қамту жол картасы жобасының бағыттары мен жұмыспен қамтылу мүмкіндіктері бойынша насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Нұралхан Көшеров: Әрбір жоба –халықтың әл-ауқатын арттыруға қосылған үлес
  • Түркістанның әлеуеті қытай инвесторларына таныстырылды
  • Корея мен Түркістан арасындағы әріптестік тереңдеп келеді
  • Түркістан: Төлебиде өндірістің қарқыны жоғары
  • Туризм саласына салынған әрбір инвестиция—жұмыс орны
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер