Түркістан жолдары қауіпсіз болады

image.png

Жақын күндері Түркістан қаласының барлық көшелерінде жасыл түсті белгілер пайда болады. Арнайы белгіленген жолға басқа көліктердің кіруіне және тоқтауына тыйым салынған. Ал орталық Бекзат Саттарханов көшесінің бойында көліктің тоқтауына мүлдем рұқсат етілмейді. Яғни «Bus Lane» жобасы – қала көшелеріндегі қоғамдық көліктердің жүруіне арналған арнайы бөлік. Қаладағы қоғамдық көліктер енді кедергісіз қимылдайтын арнайы жолағы бар осы жолдармен жүретін болады. Бұл қалаға келген туристер үшінде қолайлы болмақ.

Сондай-ақ, жасыл жолмен мүгедек арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен электромобилдер жүре алады. Жаңа жобаны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке қала әкімі Рашид Аюпов таныстырды. Бұл өзгеріс қаладағы кептелістің алдын алуға да бағытталған. Қоғамдық көліктерге, әсіресе, қарбалас уақытта жылдамдықпен жүруге жол берілмейді және жолаушылар да тиісті жеріне уақтылы жете алады.

Ал, Түркістан қаласындағы Б. Саттарханов даңғылындағы 10 шақырымды құрайтын веложолды әрлеу, бояу жұмыстары жүргізілуде. Алда, Тәуке хан даңғылы, С. Қожанов, Әмір Темір мен Байбұрт көшелеріндегі 10 шақырым аумақта да осындай істер атқарылады.

Сонымен қатар, даңғылдағы жаяу жүргіншілер жолағы да әлемнің дамыған қалаларындағы жүйе бойынша қызыл және ақ түспен сызылуда. Мұндай түстер жол қозғалысы апатының алдын алып, көлік иесінің белгіні анық көруіне сеп болады деп жоспарланған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер