Сайрамдағы әр үйде израильдік технология орнатылады

image.png

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының ауылдарда израильдік технологияны үйіргелік қолданысқа енгізуді тапсырған болатын.

Облыс басшысының бастамасы Сайрам ауданының жергілікті тұрғындары үшін ұтымды ұсыныс болып отыр.

Тамшылатып суғару әдісін бұған дейін тек ірі шаруа қожалықтары пайдаланып келсе, енді атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатындар да гектар-гектар жерінің жоқтығынан қолдаусыз қалмайды.

Үйінің ауласындағы 10 соттық жерден нәпақасын табу үшін "Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында АӘК алатын азаматтар үйіргелік жеріне тамшылатып суғару құрылғыларын орнатып, егін егіп, бір реттік гранд ұтып алуға мүмкіндігі бар.

Атқарылған жұмыстарды аудан әкімі Уласбек Садибековке таныстырған Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрпапа Көпеев израильдік әдістік тиімділігіне тоқталды.

- Үйіргелік тамшылтып суғару әдісі арқылы ең әуелі азаматтар өзін-өзі жұмыспен қамтиды. Су үнемделеді. Ауыл шаруашылығының дамуына жол ашылмақ. Ал жерден алатын өнім көлемі бір маусымда 3-4 есеге артады. Сонымен қатар, жылына 3-4 маусым егіншіліктің жемісін алу мүмкіндігі бар, - деді Н.Көпеев.

Әзірге аудан көлемінде бұл бағдарламаны тиімді пайдалану жағынан Көлкент Ауылдық Округінің тұрғындары алдыңғы қатарда. Жыл соңына дейін 70 азаматты жұмыспен қамту мақсатында мемлекеттік гранд негізінде қаржыландыру жоспарланып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер