Келестік шаруа қызанақтың 40 түрлі сортын өсіреді

image.png

Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінде «Нұржан» шаруа қожалығы 2011 жылдан бері жылыжай кешенімен айналысып келеді. Онда қызанақтың 40 түрлі сорты егіледі. Атап айтқанда, қызанақтың черри сортынан 10 түрі, үлкен қызыл қызанақтың 23 түрі, қызғылт сортынан 12 түрі бар. Қазіргі таңда шаруа қожалықтың іс басқарушысы Нұржан Омаров 4,5 гектар аумаққа қызанақ еккен. Одан күнделікті 15 тоннаға жуық өнім алуда. Осылай шаруа 6 ай бойы бейнетінің зейнетін көреді. Өнімін отандық нарыққа жөнелтуде. 

Бұдан бөлек, жылыжай кешенінде баялдының 2 түрі, қияр, құлпынай өседі. Шаруа қожалықтың жалпы жер көлемі - 11 га. Жылыжай көлемі - 5,6 га. Бүгінде 10 адам тұрақты, 35 адам маусымды жұмыспен қамтылған. Кешеннің ерекшелігі - озық технологияны қолдана отырып тұрғындарды көкөніс және түрлі көшеттермен қамтамасыз ету. Айта кетерлігі, шаруа қожалық жылыжай кешеніне қажетті жабдықтарды да өзі өндірумен айналысады.

БАҚ өкілдеріне ұйымдастырылған пресс-тур аясында журналистер Келес ауданындағы қарбыз шаруашылығымен танысты. Жамбыл ауылдық округіндегі Ащыкөл елді мекенінде «Жамбыл» өндірістік кооперативі 80 гектар аумаққа қарбыз еккен. Отырғызылған көшеттер саны - 800 мың. Әр көшеттен 3,5-4 келі өнім алмақ. Жалпы өнім көлемі - 2,8 мың тонна. Кооператив өнімін отандық нарық пен Ресейге жөнелтеді. Жұмысшылар саны: 5 адам тұрақты, 60 адам маусымды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер