Көкөністері белоруссияға сатылуда

image.png

Түркістан облысының шаруаларына өнімдерін экспортқа шығаруға кедергі жоқ. Күні кеше Хусейн Бабуров атты кәсіпкер жер емген дихандардан 500 тонна орамжапырақ сатып алуға келіскен. Ол алғашқы 200 т. орамжапырақты жүк көліктеріне тиеп, Белоруссияға аттандырды. Әр жүк көлігіне 20 тонна өнім сиятынын ескерсек, күніне 40-60 тонна экспортқа жіберілуде.

Рефрижераторы бар жүк көліктеріне тиелген капуста араға 5 күн салып белорусь еліне жетеді. Ол жақтағы қоймаға түскен қазақстандық экспортты саудагерлер өзге қалаларға жөнелтеді.

Ал Амантай Сарыбаев атты шаруаның айтуынша көкөніс тиейтін трактор, жұмысшыларға төленетін жалақыны есептегенде әр гектарға кететін шығын 1 млн. теңгені құрайды. Шет елге шығатын жүк көліктерінің шығыны 1 600 $. Былтырғыға қарағанда түсетін кіріс азырақ. Дегенмен, "Барға қанағат", дейді шаруа.

Жүк көліктерінің жүргізушілері шекарадан еш кедергісіз өтеді. Бар болғаны тепловизормен дене қызуын тексереді екен. Жүк көлігінің жүргізушілері әр рейстен 15%-ға жұмыс істейді. "Біздің жұмысқа пандемияның әсері жоқ" дейді жүк көлігінің жүргізушісі.
Капустаны тазалап, жүк көлігіне қалайтын жұмысшылардың күндік жалақысы 3000-7000 тг. аралығында. Жұмыс қиын емес, үйренген жұмыс қой дейді жігіттер.

Жалпы, Түркістан облысында биыл 300 мың тонна қырыққабат өндіру жоспарланып, онын 250 мың тоннасы экспортқа, 50 мың тоннасы ішкі нарыққа сату көзделген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района «Зелёная балка»
  • Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды
  • Әлеуметтік орталыққа жарты миллиард теңге бөлінетін болды
  • Алматыда метро құрылысын бақылайтын штаб құрылады
  • Бастауыш - білім негізі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер