Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру 3 негізгі бағытта дамиды

image.png

Түркістан облысында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру үшін жан-жақты зерттеп, талдап, нақты нәтиже беретін3 негізгі бағытта дамыту қолға алынды.

Бірінші бағыт агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, заманауи озық технологияларды енгізу.

Бұл бағытта Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыру аясында 1458,0 шаруа қожалықты 9 кооперативтерге біріктіріп, техникамен қамтамасыз ету және 11,0 мың га жаңбырлатып суғару технологиясын енгізу жоспарланып отыр.

Екінші бағыт, кооперативтерге бірікпейтін 2-3 га жері бар агроқұрылымдар үшін бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын ендіру.

Аталған жоба 2019 жылы басталып, 3,0 млрд. теңгеге 107 жоба іске асып, 39,0 млрд. теңге болатын ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Қосымша 364 жұмыс орны ашылды.

Бұл жобаның тиімділігі 1,0 га алқаптан жылына 6-7 млн. теңгеге дейін табыс табуға мүмкіндік беріп отыр.

Үшінші бағыт жеке қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнімдерін өндіру.

Аталған технология әлемде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруден, экспорттаудан үздік елдердің бірі – Израиль мемлекетінде кеңінен ендірілген.

Бұл жоба көп балалы аналарды, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларды жұмыспен қамтуда, жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер