​Түркістан «ақылды қалаға» айналады

image.png

Жүз жетпіс бір мың тұрғыны бар қайта жаңғырған Түркістан шаһары облыс орталығына айналғалы үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Облыс орталығында  26 әкімшілік-іскерлік және мәдени орталық нысандары бой көтерді. Халықты баспанамен тұрақты қамту мақсатында биыл қосымша 50-ге жуық тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Алдағы 2-3 жылда жолдарды асфальттау және жарықтандыру мәселесін толығымен қамту жоспарланған.

 Түркістан шаһары өзіндік дербес даму үлгісінде, бірнеше бағытта көркейіп келеді. Қаланың тарихи-мәдени орталығы көне кезеңнің сәулет үлгісі ретінде сол қалпын сақтайды. Және Түркістан заманауи үлгідегі технология енгізілген, бірегей жаңа ғимараттар бой көтерген «ақылды қалаға» айналады.

Құрылыс қарқын алған киелі шаһардағы ғимараттар, саябақтар, көпірлер мен аллеялар бір үлгіде жарықтандырылып, жаңа кейіпке енеді. Жоба алдағы бірнеше айдың ішінде жүзеге асып, қалаға қайталанбас реңк береді. Түркістан қаласының символына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі де жарықтандырылады. Туристер үшін ерекше тартымды нысандардың бүкіләлемдік тізіміне кірген қасиетті мекеннің қабырғалары алыстан жарқырап көзге түсетін болады.

Демалыс аймақтарын көбейту мақсатында орталық көше бойларынан 10 шақты аллеялар салынған және саябақтар күрделі жөндеуден өткізілген. Қаланы көгалдандыру жұмыстары биыл да жалғасын таппақ. Қала маңынан жалпы аумағы 7,5 мың гектарды құрайтын «Жасыл белдеу» құру жобасы  тыңғылықты іске асып келеді.  Ұзындығы 145 шақырымды құрайтын бетон канал салу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша қаланы көгалдандыра отырып, климат жағдайын жақсарту көзделген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер