«Түркістан» ӘКК АҚ «Қасқасу» жобасын жүзеге асырады

Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Туризмді дамыту арқылы өңірдің экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі.  Осы бағытта «ТҮРКІСТАН» ӘКК» АҚ» «ҚАСҚАСУ» жобасын жүзеге асырады. Жоба «KaskasuResort» ЖШС серіктес-бастамашысымен бірлесіп іске асырылса, ал мемлекет атынан жоба операторы «Түркістан» ӘКК» АҚ болады.

fd455f05-8394-47bf-977b-d7feea389a6f.jpg

«Қасқасу» туристік-рекреациялық орталығының аумағында тау инфрақұрылымы және коммерциялық аймақ көзделген. Теңіз деңгейінен 1 750-ден 3 200 метрге дейінгі биіктікте шаңғы трассалары, арқанды және Бөген жолдары, көтергіштер, қонақ үйлер, мейрамханалар, аквапарк, Альпі ауылдары, ойын, спорт және жаттығу орталықтары орналасатын болады. 

Жалпы, Сайрам-Өгем МҰТП аумағында 360 га жерде орналасқан кешен аймақтың бай туристік құрамдастарын дамытуға бағытталған, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша қысқы спорт түрлерін сүйетіндерге бағытталған.

Еске сала кетсек, 2019 жылы «Қасқасу» туристік-рекреациялық орталығының тау инфрақұрылымының жобасы Түркістан облысының 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілген болатын.  

2020 жылы «Түркістан» ӘКК тау-кен инфрақұрылымының бірінші фазасын іске асыруға кірісуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда нысанның ТЭН-іне оң қорытынды алынды, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамаға жіберілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ауыл халқының қуанышын еселеген «Ауыл аманаты»
  • 10 көпір жөнделуде
  • Тұрғындардың талап-тілегі орындалуда
  • Бабайқорғанда байыпты кездесу өтті
  • 9020 түп көшет отырғызылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер