Үндеу жүрекке жылу сыйлады

Screenshot_6.jpg

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев əлемді əбігерге салған індетке байланысты телевизиялық үндеуін жеткізді. Бұл дер кезінде айтылған үндеу болды. Өйткені дəл қазір елдің көңілі елең-алаң шақта тұр. Яғни аталған жария халқымыздың жүрегіне жылу, ал жұқпалы дертпен ауырып жатқан науқастарға үміт отын сыйлады десем, артық айтқандығым емес.

Расымен де, бұл індеттің қаупі басылмай тұр. Тиісінше, таралуы өршіп жатқандай. Сол себепті қатаң карантиндік шектеу шаралары енгізілгенін қолдаймын. Мемлекет коронавирусты ауыздықтау бойынша барлық мүмкіндіктерді пайдалануда. Бірақ ел ішінде əлі де қамсыз жүрген жұрт көп. Тиісті мамандар қаншалықты қадағаласа да, санитарлық нормалар сақталынар емес. Дегенмен қарапайым халықты да жаппай кінəлауға болмас. Мұндай жағдайда айналамыздан айыптыны іздемей, бəріміз бірігетін кез. Мемлекет басшысының да айтып отырғаны осы пікірге саяды.

Бүгінгі үндеуде ел Президенті жұқпалы аурулардан жан тапсырған отандастарымыз үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялағаны көңілге қонымды қадам болды. Қара жамылып отырған отбасылар қайғыларын ұмытып кетпесе де, жүректері аздап жылынғындай күй кешкені анық. Кемелұлының кемелділігі де осы шығар, халықпен əрдайым бірге екенін білдірді.

Рахымберді ЖАНЫСБЕКҰЛЫ,

Шымкент қаласы экономика жəне бюджет жоспарлау басқармасының басшысы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Құқықтық қызметтер жаңаруда: бақылау, жауапкершілік, технология
  • Момынов көшесінде жаңа автокөлік өткелі ашылды
  • Трудоустройство, правопорядок, волонтерство: какую помощь оказали молодежи в Астане в 2025 году
  • В Астане прошло велозаезд "Jingle Ride"
  • Шымкентте 21 жастағы қызды өлтіріп кеткен адам іздестірілуде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер