Құрылыс жұмыстары қызып тұр

Screenshot_10.jpg

Шымкентте Еңбекші ауданында құрылыс жұмыстары қызып тұр. Аудандағы 630 көпқабатты үйдің бүгінгі күнге дейін 501-і абаттандырылып, балалар алаңшасы орнатылған. Сонымен қатар Бадам өзені бойында жаңадан үш көпір салынып жатыр.

Қазіргі таңда Еңбекшідегі  111 үйдің ауласы абаттандыруды қажет етеді. Алайда 18 тұрғын үй ауласында қажетті жер телімі болмағандықтан, абаттандыруға мүмкіншілік жоқ. Бұл күнде 64 үйдің  ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Базарқақпа, Жұлдыз тұрғын алаптарындағы 47 үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары инженерлік жүйелер толық жүргізіліп біткен соң, істеледі.2020 жылға 64 көпқабатты үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңдарын орнатуға, 43 көпқабатты үйлердің аулаларын жөндеу және балалар ойын алаңшаларын қайта құру жұмыстарына бюджеттен 807 205 мың теңге қаралды.

"Сонымен қатар юиылғы жылы біз 47 үйдің аулаларын тозығы жеткен аулалардың елементтерін жаңалау жұмыстары жалғасады. Биылғы жылы әр ауданға 1 млрд теңгеден абаттандыруға бөлінді",- дейді Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Илясов.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалаға қосылған тұрғын алабтарды аралап, халықпен кездесуінде айтылған мәселелер оң шешімін табуда. Атап айтсақ, Маятас, Тоғыс тұрғын алабтарындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін 2 көпірдің құрылысына жергілікті бюджеттен 310 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстар жүргізілуде.                                     

"Қалада 7 көпірдің құрлысы жоспарланған тұғын. Бүгінгі таңда 3 көпірдің құрлысы жүріп жатыр. Маятас, Тоғыс, және мал базар маңындағы көпірдің құрлысы жүріп жатыр",- дейді Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Қайрат Баймедиев.

Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектеп жанынан 300 орындық қосымша ғимарат, спорт алаңшасын салуға және осы мектепті күрделі жөндеуге 673 млн. теңге бюджеттен қаралып, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Одан бөлек, бюджеттен 555,2 млн. теңге бөлініп Маятас, Тоғыс, Елтай, Жыланбұзған тұрғын алаптарындағы 11 көшеде 21,4 шақырым асфальттау және 5 көшеде 5,8 шақырым аяқжол орнату жұмыстары да қарқынды түрде  атқарылуда. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер