Науқастарға қосымша 100 төсек орын ашылды

Screenshot_21.jpg

Қазіргі таңда коронавирус пандемиясы мен пневмонияға қарсы іс-шаралар қарқынды жүруде. Соның бірден-бір дәлелі қалалық емханалардағы орын жетіспеушілігн жою мақсатында күндізгі стационарлы, провизорлы орындардың дайындалуы. 

Шымкент қаласының №2 қалалық емханасы негізінде «Ардагерлер үйі» провизорлы госпитальда 100 төсек орны ашылды. 

Ауруханада жедел респираторлы вирустық инфекциялармен және пневмониямен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетеді. Қазірде госпитальда 54 науқас ем қабылдауда. 

Мұнда науқастар үшін барлық қажетті дәрі-дәрмектер, медициналық құралдар және жеке қорғаныс құралдары жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген.

Ауруханада 4 дәрігер, 20 медбике және 10 санитар қызметкер бар.

Бүгінде науқастар мен медициналық қызметкерлерге үш мезгіл ыстық тамақ та ұйымдастырылған.

Шымкент қаласында халықтың денсаулығын нығайту мақсатында күндізгі стационар қызметкерлері демалыссыз жұмыс істеуде. Ал барлық ауруханалар мен емханаларға дәрі-дәрмек үзіліссіз жеткізілуде.

Сонымен бірге, резервтік 450 орындық провизорлы орын 1 шілде күні жеңіл атлетикалық спорт кешенінен дайындалды. Оған қоса қалада 51 күндізгі стационар ашылды. Нәтижесінде, науқастарға көмек көрсету екі есеге күшейді. Осы орайда қала басшысы ауруханалар мен емханаларға дәрі-дәрмектің үзіліссіз жеткізілуін де қадағалап отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өзбекстанда М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің филиалын ашу жайлы кездесу өтті
  • Үміт үзбе
  • «Ақжар» қосалқы станциясы келесі жылы пайдалануға беріледі
  • Қала әкімі «Көмеш бұлақ» базары аумағындағы автотұрақты көшіруді қолдады
  • Қала әкімі Үндістан Республикасының елшісімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер