Дәріханалар дәрі-дәрмекпен уақытылы қамтылуда


Screenshot_7.jpg

Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті дәріханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуіне және оларға шекті бағаның сақталуына күн сайын мониторинг жүргізуде. Департамент тарапынан дәріханаларда және дәріханалық қоймаларда дәрі-дәрмектердің бар болуына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша бүгінгі таңға дәріханалар мамандарының ауруға шалдығуына байланысты қаланың ұсақ бөлшек желісі дәріханаларының көпшілігі жабылды.

29 маусымдағы жағдай бойынша 92 дәріханада мониторинг жүргізілді. Көпшілігінде дәрілік препараттарының қалдығы бар екендігі анықталды, дәрілік заттар болмаған жағдайда дәріхана ұйымдары халыққа сату үшін қорларды толықтыруда. 

Шымкент қаласының дәріханалық қоймалары мен дәріханаларында "Парацетамол", "Эффералган", "Панадол", "Нурофен", "Ибупрофен", "Нимесулид", "Миг 400" сияқты рецептісіз босатылатын ыстықты төмендететін препараттардың саны дәріханалық қоймаларда 82 585 қорап, дәріханаларда 79 064 қорап, қала бойынша барлығы 161 649 қорап.

Сонымен қатар, "Ингавирин", "Эргоферон", "Кагоцел", "Арпефлю" сияқты рецептісіз босатылатын вирусқа қарсы препараттардың саны дәріханалық қоймаларда 20 860 қорап, дәріханаларда 24 994 қорап, қала бойынша барлығы 45 854 қорап.

Бұдан басқа, құрамында «Азитромицин», «Цефтриаксон», «Цефиксим», «Амоксициллин», «Левофлоксацин» антибиотиктерінің саны дәріханалық қоймаларда 9 742 қорап, дәріханаларда 48 410 қорап, қала бойынша барлығы 58 152 қорап.

Шымкент қаласының дәріханаларында дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада сату мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы жасалған Меморандумның негізінде дәріханаларда босатылатын дәрілік заттардың рецептісіз тізімдегі санын шектейді. Сондай-ақ рецептуралық препараттарды босату ережелерін сақтайды.

Халықаралық патенттелмеген атауымен (ХПА) әрбір дәрілік заттың өндірушілер беретін және олардың коммерциялық меншігі (сауда маркасы) болып табылатын бірнеше сауда коммерциялық атаулары бар, мысалы, ХПА – цефтриаксон, цефтриаксонның саудалық атауы: Абитракс, Цефаксон, Аксон, Белацеф, Сефабел және т.б. немесе ХПА – азитромицин, саудалық атауы - Азитромицин Сандоз ® , Азитрус, Зитмак және басқалар.

Ескете кетейік, дәрігер жазып берген дәрілік зат болмаған жағдайда дәріхананың маманы пациентке дәрігердің келісімінсіз дәрілік заттан бастап ең аз баға бойынша ассортиментте бар халықаралық патенттелмеген атаумен дәрілік заттың синонимін ұсынады немесе емдеуші дәрігермен келісім бойынша оны фармакологиялық аналогпен ауыстыруды жүзеге асырады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проблема природного газа будет полностью решена
  • Разработан пилотный проект концепции развития спортивной индустрии
  • «Аллея Шамши» приобретет новый облик
  • Для туристов установлено специальные приспособления
  • Готовится крупный проект по устранению недостаточности природного газа
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер