Қала әкімі провизорлы, күндізгі стационарларды аралады

Screenshot_3.jpg

Шымкентте бүгінгі таңда коронавирус пандемиясы мен пневмония дертін ауыздықтау мақсатында ауқымды іс-шаралар атқарылуда. Мұрат Әйтенов Қазығұрт шағын ауданындағы №86 мектепте дайындалып жатқан күндізгі стационарға барды. Ғимаратта жүзден астам науқасты қабылдауға мүмкіндік бар. Тағы орын қажеттілігі туындаса, нысанның екінші қабатын да қолдануға болады. Бұл күндізгі стационарға дәрі жеткізу мәселесі де шешілген. Дәл осындай стационарлар Сәуле, Ақжар шағынаудандарында да дайындалуда екен.

Сонымен қатар, әкім пневмонияға шалдыққандарды қабылдап жатқан провизорлық орталыққа барды. 100 орындық Ардагерлер үйінде қазір 25 науқас ем қабылдауда. Бұл жөнінде №2 емханасы Бас дәрігерінің орынбасары Э.Ермекбаева айтты. 

«Жедел жәрдеммен жеткізілген науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетілуде. Егер де ауруханаға жатқызылу керек жағдай болса, бос орындар бар. Екі ауысымда 20 дәрігер жұмыс жасауда. Науқастардың жағдайы тұрақты» - дейді ол. 

Сондай-ақ, жеңіл атлетика манежінде күндізгі стационар ретінде бес жүзге жуық төсек-орын дайындалуда. Қала әкімі спорт кешенінде болып, ондағы жұмысты үйлестіру және қажетті жабдықтармен қамту мәселесі бойынша нақты тапсырмалар берді. 

«Мұнда келуші науқастар еш қиындықсыз емделуі керек және халықты күттірмеңдер. Басты мақсат - әрбір адамның ем алуы қолжетімді болуы тиіс» - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Мұнан өзге қала басшысы ауыр жағдайдағы науқастар ғана емес, жеңіл формадағы аурулар үшін де барлық жағдайдың дайын болуы үшін нақты тапсырмалар берді. 

Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандардағы карантиндік талаптардың сақталуын өзі көріп қайтты. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Проблема природного газа будет полностью решена
  • Разработан пилотный проект концепции развития спортивной индустрии
  • «Аллея Шамши» приобретет новый облик
  • Для туристов установлено специальные приспособления
  • Готовится крупный проект по устранению недостаточности природного газа
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер