Кестеге сай аудандағы өзге тұрғын алабтар мен тұрғын үйлерде індетке қарсы дәрілеу шаралары жалғасады дейді м " />
Кестеге сай аудандағы өзге тұрғын алабтар мен тұрғын үйлерде індетке қарсы дәрілеу шаралары жалғасады дейді м" /> Дезинфекция жұмыстары жалғасуда- RG media - ақпараттық агенттігі

Дезинфекция жұмыстары жалғасуда

Screenshot_8.jpg

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау мақсатында залалсыздандыру жұмысы кестеге сәйкес жүргізілуде.

Аудан бойынша жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй мен 404 көше бар. Бүгін 41 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы мен жертөлелеріне, кіреберіс алаңдарына және 37 көшеге дезинфекциялау жұмысы жүргізілді. 

Сонымен қатар, аудан әкіміді тұрғындардан аса қажет болмаған жағдайда қоғамдық орындарға бармауды және карантин тәртібіне бағынуға шақырады.

Сондай-ақ Қаратау ауданы аумағында коронавирус індетінің алдын алу бойынша елді мекендерді дезинфекциялау жұмыстары күнделікті жалғасуда.

Бүгін 35 мыңға жуық тұрғыны бар Қайнарбұлақ саяжайының ішкі орамдық көшелері толығымен дезинфекцияланды.

Сонымен қатар "Нұрсәт" шағынауданындағы 23 көпқабатты тұрғын үйдің кіреберістері мен аулалары залалсыздандырылды.

Кестеге сай аудандағы өзге тұрғын алабтар мен тұрғын үйлерде індетке қарсы дәрілеу шаралары жалғасады дейді мамандар. Айта кетейік, дезинфекциялық құралдар адам денсаулығына еш кері әсері жоқ. Сонда да сақтық ретінде мамандар дезинфекциялау кезінде немесе залалсыздандыру жұмыстарынан кейін біраз уақыт аулаға шықпауға кеңес береді.  



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер