Еріктілер залалсыздандыру жұмыстарына көмектесуде

Screenshot_2.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2020 жыл еріктілер жылы болып бекітілген еді. Биыл елімізде болып жатқан күрделі ахуалдар еріктілердің маңызын арттыра түскендей. Бүгінге дейін Шымкент қаласында коронавирус инфекциясымен ауырған 1404 азамат тіркелген. Бұл ретте қауіпті індеттің алдын алу үшін шаһарда дезинфекция жұмыстары күшейтілген.

Осы орайда үшінші мегаполисте өз еркімен залалсыздандыру жұмыстарына қатысып жатқан еріктілер баршылық. Қаратау ауданы аумағындағы адам көп шоғырланған орындарды дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Яғни, саябақ, аллея, сквер сынды демалыс орындары толықтай індетке қарсы залалсыздандырылды.

Сонымен қатар, көпқабатты үйлердің аулалары мен кіреберістерін дезинфекциялау жұмыстары да атқарылуда.

Егер өзіңіз тұратын үй ауласында дезинфекциялау керек болса, жергілікті әкімдікке хабарласуларыңызға болады.

Дезинфекция жұмыстарын күшейткен Шымкент қаласының әкімдігі еріктілер мен әскерилердің күшімен ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық орындарды залалсыздандырып, ауыр жүк көліктерімен көшелерді санитарлық тазалауда. Мегаполистегі барлық көшеге 20 бағыт бойынша 20-дан астам техника жұмылдырылған. Бұл тізімге аялдамаларды залалсыздандыру да енгізілген. Олар енді қолынан келген көмектрін осылайша өздері де тікелей ат салысып көрсетуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қоғамдық көліктер «төлем» жүйесінен ажыратылады
  • Діни сауаттылық - қоғам қауіпсіздігі
  • Руслан Берденовтің қызметтік міндетін уақытша кім атқарады
  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл. Сәрсен Құранбек оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Берденовты не үшін атқаны белгілі болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер