«Ақылды күнбағыс» іске қосылды

Screenshot_7.jpg

Тұңғыш Президент Н.Назарбаев  бір сөзінде «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады» деп республикадағы бірнеше  шаһарды ақылды қалаға айналдыру керектігін айтқан болатын. Соның ішінде Шымкент қаласы да инновацияға бет бұрып келеді. 

Жақында  «Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды. Аталған жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді. Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс жасайды. Күнбағысқа кез-келген қала тұрғыны мен қонақтары демалып әрі телефон құрылғысын қуаттай алады. 

«Ақылды күнбағыс» кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды. Олар - Тәуелсіздік саябағы – 6, Орталық саябақ - 3, Металлург саябағы - 3, Жеңіс саябағы - 3, Дендро саябағы - 3, Қошқар ата - 2.

Айта кетейік, Шымкентте «Ақылды қала» жобасы бірнеше бағытта дамып келе жатқанын мәлімдеді. Олардың арасында денсаулық сақтау, білім беру, көлік, қауіпсіздік және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық салалары бар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зелёная балка: Семьи ветхого жилья переселили в Шымкенте
  • Көксай: Ескі үйлердегі отбасылар қоныс аударды
  • Норма об унитарности государства, неотчуждаемости территории Казахстана остается неизменной
  • Народный совет Казахстана будет представлять интересы всех граждан страны – Бакыт Нурмуханов
  • Ценности брака и семьи усилят на конституционном уровне в Казахстане
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер