Полицейлер бетперде таратты

Screenshot_9.jpg

Шымкент қаласында карантин режимі әлі де жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес карантин уақыты 6 шілдеге дейін ұзарды. 

Осы орайда Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тәртіп сақшылары тұрғындар мен қоғамдық автокөлік ішіндегі жолаушылар мен жүргізушілерге медициналық бетперде мен қолғаптар таратты. Тұрғындарға санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігін ескертіп, адамдар көп жиналатын жерлерге мейлінше бармау керектігін түсіндірді. Сондай-ақ Шымкент қаласының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері қала тұрғыны Шерзат Маликовке жұбайымен бірге заңды тұруға жеделдетілген түрде қызмет ұсынып, көмек көрсетті. Шерзат Маликовтың жұбайы Хажибиби Бабаджанова Өзбекстан азаматшасы болуына байланысты, оның Қазақстан Республикасында тұруына рүқсат құжатын алу үшін Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына көші-қон қызметі бөліміне келіп, жүгінген. Мұндағы қызметкерлер Хажибиби Бабаджановаға елімізде шетелдіктің тұруына ыхтиярхатын жеделдетіп дайындап, тапсырды. Өз кезегінде Шерзат Маликов көші-қон қызметінің полицейлеріне алғысын білдіріп, алда келе жатқан 23 маусым – «Қазақстан полициясы күнімен» құттықтады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер