«Медицина жаныңызда» акциясы басталды

Screenshot_1.jpg

Шымкентте "Қала күні" мерекесіне орай "Медицина жаныңызда" атты акция басталды.

Аталған шарада білікті дәрігерлерден құралған медициналық керуен эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, қала шетіндегі елді мекендердергі созылмалы ауруға шалдыққан науқастарға медициналық көмек көрсетуде. Карантин құшағында жатқан тұрғындарға, әсіресе созылмалы аурулары бар науқастарға акция қуаныш сыйлады. 

Денсаулық керуенінде жасақталған топта невропатолог, стоматолог, маммолог, онколог, кардиолог, окулист сынды мамандар жергілікті тұрғындарға карантин кезінде созылмалы ауруды асқындырып алмауды және коронавирустан қорғану жөнінде кеңес беруде.

Сонымен қатар, коронавирус инфекциясының таралауын алдын алу және түсіндіру жұмыстары кезінде медицина мамандары қоғамдық көліктерде де жолаушылардың дене қызуын өлшеп, карантиндік талаптарды ұстауға шақырды.

Айта кетейік, 17-19 маусым аралығында "Медицина жаныңызда" акция аясында мамандар қаланың шетіндегі елді мекендерге және ерекше күтімді талап ететін науқастардың үйіне барып та медициналық көмек көрсетеді. 

Жалпы қалада коронавируспен күрес күшейе түсті. Қала көшелері мен базарлар және автобустар залалсыздандырылуда. Мамандар халыққа түсіндірме жұмыстарын да жалғастыруда. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте «Қара шаңырақ»қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті
  • Шымкентте республикадағы алғашқы әмбебап жедел қызмет кешендері ашылды
  • В Шымкенте открыты первые в республике универсальные комплексы экстренных служб
  • Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
  • Антониу Кошта қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер