Қоғамдық көліктер күнделікті дезинфекциялануда

Screenshot_3.jpg

Үшінші мегаполисте миллионнан астам тұрғын бар. Қала тұрғындарының 1133-іне коронавирус диагнозы қойылған . Олар тыныс-тіршілігін алға тартып, жұмыстарын жалғастыруда. Күн сайын бірнеше адаммен байланыста болып, қоғамдық көліктермен жүр. Шаһар тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, қаладағы қоғамдық көліктерге күніне екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

– Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қоғамдық көліктер күнделікті дезинфекциялануда. Күндіз қалада 76 бағыт бойынша 1047 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасында әр айналым сайын және таңертен және кешкі уақытта автобаза аумағында дезинфекциялау жұмысы тұрақты жүргізілуде. Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілері мен кондукторлары тарапынан тұрғындарға бетперде тағу жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілуде, - дейді Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Н. Сүгірәлиев. Ол әкімдік тарапынан қалада коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жүргізілгенімен тұрғындар карантин тәртібіне немқұрайлы қарап жатқанын және инфекцияның алдын алуға әрекеттенбейтінін жеткізді.

– Жолаушылар қоғамдық көлікте бетперде тағуы міндетті. Тәртіп бәріне ортақ болғасын тұрғындар карантин режиміне бағынып, өздері де қоғамдық орындарда сақтануы керек, - деді бөлім басшысы. Бүгінге дейін Шымкент қаласы бойынша 8 саябақ, 37 гүлзар мен 4094 аялдама залалсыздандырылған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент әкімдігі «Той Думан» фестиваліне 300 млн теңге бөлгені рас па
  • Руслан Берденовті атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
  • Шымкентте «Қиял әлемі» саябағы бұзылуда
  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер